Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Страсбургте қытайлық теннисшіні сенімді жеңді

Рыбакина Страсбургте қытайлық теннисшіні сенімді жеңді

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің екінші айналымында сенімді ойын көрсетті — қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 42-орында тұрған Қытай өкілі Ван Синьюйді 6:1, 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Championat.com.

Ойлаймын, әзірге бәрі алдыңғы турнирге қарағанда жақсы өтіп жатыр. Осы қарқынды жалғастырып, әр матчтан кейін өзімді жақсырақ сезінетініме үміттенемін. Бұл Франция ашық біріншілігі алдындағы тамаша турнир деп ойлаймын, — деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Страсбург турнирінің ширек финалында Рыбакина әлемнің 33-ракеткасы, поляк теннисшісі Магда Линеттпен кездеседі.