Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Рыбакина Штутгарттағы турнирден кейін WTA рейтингінің үздік ондығынан шығады

WTA мәліметі бойынша, Штутгарт турнирі қарсаңында әлемдік рейтингте Арина Соболенко көш бастап тұр. Оның соңынан Ига Швёнтек пен Джессика Пегула келеді.

Қазақстандық Елена Рыбакина оныншы орында тұр, алайда турнир аяқталғаннан кейін үздік ондықтан шығады. Штутгарттың қазіргі чемпионы биылғы жарысқа қатыспайды. Юлия Путинцева рейтингтің 23-ші орнында қалып отыр.

Жұптық разрядта чехиялық теннисші Катержина Синякова көш бастап тұр, одан кейін америкалық Тейлор Таусенд пен жаңазеландиялық Эрин Рутлифф орналасқан. Қазақстандық спортшылар өз позицияларын сақтап қалды:

  • Анна Данилина — 18-орын
  • Юлия Путинцева — 75-орын
  • Жібек Құламбаева — 162-орын