04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Саккариді сенімді жеңіп, Уимблдонның үшінші айналымына өтті

Рыбакина Саккариді сенімді жеңіп, Уимблдонның үшінші айналымына өтті

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі жолын жалғастыруда — қазақстандық теннисші Грекия өкілі Мария Саккариді сенімді жеңді.

Екінші айналымдағы кездесу қазақстандық спортшының айқын жеңісімен аяқталды — матч есебі әлемдік рейтингтің 77-орындағы теннисшіге мүмкіндік қалдырмаған 6:3, 6:1 болды.

«Қайта оралу өте маңызды. Көптеген керемет естеліктер бар. Әрине, биыл да табысқа жеткім келеді. Бар күшімді саламын. Келесі кезеңге өткеніме өте қуаныштымын. Тағы да бәріңізге рақмет», — деді Рыбакина матчтан кейін.