29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Ролан Гарростың екінші айналымына сенімді өтті

Рыбакина Ролан Гарростың екінші айналымына сенімді өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина — Парижде өтіп жатқан беделді Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымынан сенімді өтті.

Екінші айналымдағы кездесуде әлемнің 11-ші ракеткасы Рыбакина — рейтингте 129-шы орында тұрған америкалық теннисші Ива Йовичті 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Келесі кезеңде қазақстандық спортшы әлемнің 21-ші ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі — ол өз матчында америкалық Кэролайн Доулхайдты (67) 5:7, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Үлкен дулыға турнирі 25 мамырдан 7 маусымға дейін өтеді — жүлде қоры 56,35 миллион еуроны құрайды, ал жеңімпаз 2,55 миллион еуро мен 2000 рейтингтік ұпай алады. Турнирдің қазіргі чемпионы поляк теннисшісі Ига Швёнтек.