31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Ролан Гарроста Швентекпен матчқа дайындық туралы айтты

Рыбакина Ролан Гарроста Швентекпен матчқа дайындық туралы айтты

WTA рейтингінде 11-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 5-орын алатын поляк спортшысы Ига Швентекпен Ролан Гарростың 1/8 финалындағы матчқа дайындық туралы әңгімеледі.

«Әр күн, әр матч әртүрлі. Мен негізінен өзіме көңіл бөлуге тырысамын. Біз көп рет ойнадық, сондықтан не істеу керектігін білемін. Әрине, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», — деді Рыбакина.

Рим мен Штутгарттағы саз кортта өткен алдыңғы кездесулер туралы айта келе, қазақстандық теннисші қарсыласының ойын ерекшеліктерін атап өтті:

«Игамен саз кортта ойнау қиын — ол допты өте жақсы айналдырады. Оның кортта керемет қарқыны бар. Штутгарт ерекше турнир, өйткені ол жабық ғимаратта өтеді және ондағы саз басқаша. Римде жағдай өзгеше болды».