31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымында Остапенконы жеңді

Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымында Остапенконы жеңді

WTA рейтингінде 11-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі өнерін жалғастыруда.

Үшінші айналымдағы матчта қазақстандық теннисші — Латвия өкілі Елена Остапенконы (21) 6:2, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

1/8 финалда Рыбакина турнирдің қазіргі чемпионы — поляк Ига Швёнтекпен (5) кездеседі, ол өз матчында румыниялық теннисші Жаклин Кристианды (60) 6:2, 7:5 есебімен жеңген.

Парижде өтіп жатқан беделді «Ролан Гаррос» турнирінің жүлде қоры 56,35 миллион еуроны құрайды — жеңімпаз 2,55 миллион еуро мен 2000 рейтингтік ұпай алады.