26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина мен Путинцева US Open турнирін жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рыбакина мен Путинцева US Open турнирін жеңіспен бастады

Нью-Йоркте маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» – АҚШ ашық біріншілігі басталды.

  • Елена Рыбакина (10 WTA) алғашқы айналымда турнир ұйымдастырушыларының wild card-ына ие болған ITF Juniors рейтингіндегі U18 бойынша №1 ойыншы, америкалық Джульетта Пареханы 6:3, 6:0 есебімен сенімді жеңді. Екінші айналымда қазақстандық теннисші Тереза Валентоваға (Чехия, 96 WTA) қарсы ойнайды.

  • Юлия Путинцева (55 WTA) бірінші айналымда италиялық Элизабетта Коччареттоны (85 WTA) 6:4, 7:6 (7:4) нәтижесімен ұтты. Келесі қарсыласы Анна Калинская (29 WTA) мен Клерви Нгуну (wild card) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.