13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина мен Путинцева Лондондағы жұптық сайыста жеңілді

Рыбакина мен Путинцева Лондондағы жұптық сайыста жеңілді

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Лондондағы Queen’s Club Championships турнирінің жұптық сайысының жартылай финалына шыға алмады.

Ширек финалда қазақстандық жұп — Эйша Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрс (Нидерланды) құрамындағы халықаралық жұппен кездесіп, екі сетте 1:6, 5:7 есебімен жеңілді.

Жекелей сайыста WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина жарысты жалғастыруда — 1/8 финалда ол британдық теннисші Хизер Уотсонды (рейтингте 164-орын) 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Айта кетерлігі, бұған дейін Уотсон Юлия Путинцеваны (WTA рейтингінде 27-орын) турнирден шығарған болатын — 6:4, 6:3.