11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакина мен Путинцева Дохадағы беделді турнирдің екінші айналымында ойнайды

Бүгін Дохадағы беделді WTA 1000 турнирінде (жүлде қоры — 3 664 963 доллар) қазақстандық теннисшілер жарыстың екінші айналымында кортқа шығады.

Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 7-орын) америкалық Пейтон Стернспен (47-орын) алғашқы кездесуін өткізеді ал Юлия Путинцева (20-орын) чехиялық спортшы Линда Носковамен (әлемдік рейтингте 33-орын) кездеседі.

Матчтар келесі кестеге сәйкес өтеді:
Путинцева — Носкова: Астана уақыты бойынша 16:00-де басталады
Рыбакина — Стернс: жергілікті уақыт бойынша 17:30-да басталады

Айта кету керек, Юлия Путинцева турнирдің бірінші айналымынан сәтті өтіп, жапониялық Моюка Утидзиманы (63-орын) 6:2; 6:7, 6:3 есебімен жеңді. Елена Рыбакина (турнирдің қазіргі чемпионы) өз өнерін бірден екінші айналымнан бастайды.

Жарыс жеңімпазы 597-000 доллар көлеміндегі чек пен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.