10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина: Мақсат – жылды ТОП-8 ішінде аяқтап, маусымдық финалға шығу

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рыбакина: Мақсат – жылды ТОП-8 ішінде аяқтап, маусымдық финалға шығу

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусым соңындағы жоспарын айтты, деп хабарлайды Sport Pulse.

«Иә, әрине, мақсат – жылды үздік сегіздіктің қатарында аяқтап, маусымдық финалға жолдама алу. Қазір жалпы рейтингте сегізіншімін. Әлі бірнеше турнир бар. Осы жарыстарда жақсы ойнап, позициямды нығайтуға немесе сәл жоғары көтерілуге мүмкіндік бар», – деді Рыбакина.

Оның айтуынша, алдағы турнирлер бұл межеге жетуде шешуші рөл атқарады:

«Барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Алдымызда АҚШ құрамасына қарсы матч та күтіп тұр. Бұл біз үшін өте маңызды сынақ. Сондықтан маусым әлі аяқталған жоқ. Қалған ойындарды бар күшімді салып өткізуге тырысамын».