26.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Мадридтегі турнирдің басында Андреескуды сенімді жеңді

Рыбакина Мадридтегі турнирдің басында Андреескуды сенімді жеңді

Елена Рыбакина Мадридтегі теннис турнирін сәтті бастады — WTA рейтингінде 11-орында тұрған қазақстандық спортшы Канада өкілі Бьянка Андреескуды сенімді түрде жеңді.

Екінші айналымдағы матч Рыбакинаның айқын жеңісімен аяқталды — әлемдік рейтингте 132-орында тұрған канадалық қарсылас 6:3, 6:2 есебімен жеңілді.

Мадрид турнирінің жүлде қоры 7 854 000 еуроны құрайды — жарыс жеңімпазы 985 030 еуро мен мың рейтингтік ұпай алады. Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемдік рейтингте екінші орында тұрған поляк теннисшісі Ига Швентек.