14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Лондонда Германиядан келген 37 жастағы теннисшіден күтпеген жеңіліске ұшырады

Рыбакина Лондонда Германиядан келген 37 жастағы теннисшіден күтпеген жеңіліске ұшырады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондондағы Queen’s Club Championships турнирінің ширек финалында күтпеген жеңіліске ұшырады — қазақстандық теннисші неміс спортшысы Татьяна Марияға есе жіберді.

WTA рейтингінде 11-орында тұрған Рыбакина әлемдік рейтингтің 86-орын иегеріне 4:6, 6:7 есебімен жеңілді — бұл нәтиже турнирдің нағыз сенсациясына айналды.

Queen’s Club Championships турнирінің жүлде қоры 1 415 000 долларды құрайды — жеңімпаз 218 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпай алады.