12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина екі жылдан кейін алғаш рет камбэк жасады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рыбакина источник olympic.kz

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2023 жылы Канададағы Монреаль қаласында өткен WTA 1000 турнирінен бері алғаш рет бір жарыста матч барысында есепте жеңіліп жатып, бірнеше рет жеңіске қол жеткізді.

АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан «мыңдық» санатындағы турнирде Рыбакина алдымен Мексика өкілі Рената Сарасуаны 4:6, 6:0, 7:5 есебімен, кейін Бельгия теннисшісі Элисе Мертенсті 4:6, 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

Турнирдің төртінші кезеңінде Елена АҚШ теннисшісі Мэдисон Кизбен (әлемдік рейтингте 6-орында) кездеседі. Цинциннати турнирі 7–18 тамыз аралығында өтеді. Аталған жарыстың қазіргі чемпионы — әлемдік рейтингтің көшбасшысы, Беларусь өкілі Арина Соболенко.