13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакина Дохадағы турнирдің ширек финалында Швентекпен кездеседі

Бүгін Дохада (Катар) теннис турнирінің ширек финалында әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Польшадан келген әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.

Ширек финалға дейінгі жолда қазақстандық спортшы америкалық Питон Стирнс (рейтингте 47-орын) және словакиялық Ребекка Шрамкованы (46-позиция) жеңді. Өз кезегінде поляк теннисшісі грекиялық Мария Саккариді (29-рейтинг) және Чехия өкілі Линда Носкованы (33-орын) ұтты.

Матч Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады. 15-ші ақпанда аяқталатын беделді турнирдің жеңімпазы 597.000$ көлеміндегі қомақты жүлде қоры мен 1.000 рейтингтік ұпай алады. Айта кету керек соңғы үш жыл бойы Дохадағы титулды Ига Швентек жеңіп алып келеді.