18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Берлиндегі турнирде Крюгерден реванш алды

Рыбакина Берлиндегі турнирде Крюгерден реванш алды

WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді сәтті бастады — бірінші айналымда ол америкалық Эшлин Крюгерді жеңді.

Қазақстандық теннисші — әлемдік рейтингтің 33-ші нөмірін 6:3, 7:6 есебімен тартысты күресте жеңді. Келесі кезеңде Рыбакина жұптық разрядта әлемнің бірінші ракеткасы — чехиялық спортшы Катерина Синяковамен кездеседі.

Айта кетерлігі, осы жылы Майамидағы турнирде Крюгер Рыбакинадан күтпеген жеңіске жеткен болатын — енді қазақстандық теннисші реванш алды.

Берлин турнирінің жүлде қоры 925 661 еуроны құрайды — жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай алады.