19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина алғаш рет шөпте камбэк жасап, Берлинде жеңіске жетті

Рыбакина алғаш рет шөпте камбэк жасап, Берлинде жеңіске жетті

WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина Берлин турнирінде тарихи нәтижеге қол жеткізді — қазақстандық теннисші жарыстың ширек финалына шықты.

Әлемдік рейтингте 74-орын алатын чехиялық спортшы Катерина Синяковамен болған кездесуде Рыбакина 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

«Елена Рыбакина алғаш рет өз мансабында шөп кортта екі сетте де қарсыласы брейк жасағанда артта қалып, жеңіске жетті», — деп атап өтті OptaLena талдау ресурсы.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы — беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі.