10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рыбакина әлем рейтингінде құлдырады, Путинцева жоғары көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) теннисшілер рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі беларусь Арина Соболенко, екінші орында поляк Ига Швёнтек, үшінші орында америкалық Кори Гауфф.

Әбу-Дабидегі турнирде чемпиондық атағын қорғай алмаған қазақстандық Елена Рыбакина екі саты төмендеп, жетінші орынға сырғыды. Еске салайық, Рыбакина жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичке есе жіберген еді. Жеңіс Бенчичке 500 рейтингтік ұпай алып, 92 сатыға 65-орынға көтерілуге ​мүмкіндік берді.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бір позиция жоғарылп, 20-шы орынға тұрақтады.