22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рубен Диаш пен «Манчестер Сити» арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты

Рубен Диаш пен «Манчестер Сити» арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты

«Манчестер Сити» мен португалиялық қорғаушы Рубен Диаш арадағы келісімшарт мерзімін ресми түрде ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос тарап 2029 жылға дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

28 жастағы қорғаушы «Манчестер Сити» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді.

Осы уақыт аралығында 223 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 5 голдық пас берген. Сонымен қатар ағылшындық клубпен бірге 10 трофей жеңіп алған.