15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рубен Аморим басқарған Манчестер Юнайтед АПЛ-да ең нашар нәтиже көрсетуде

Рубен Аморим басқарған Манчестер Юнайтед АПЛ-да ең нашар нәтиже көрсетуде

Sky Sports мәліметінше, Рубен Аморим Манчестер Юнайтедтің нәтижелерін жақсарта алмады — команда Премьер-лиганың тұрақты қатысушылары арасында ең нашар көрсеткішке ие.

Португалдық маманның жетекшілігімен манкунианцтер 31 ойында небәрі 31 ұпай жинады — соғылған және өткізіп алған доптар айырмашылығы 36-49 құрады.

АПЛ-да қатарынан екінші маусым өнер көрсетіп жатқан 17 команданың арасында Манчестер Юнайтед соңғы орында — тіпті дәл сондай 31 ұпайы бар Тоттенхэм доптар айырмашылығы бойынша жоғары тұр (-4-ке қарсы -13).

Осы кезеңде ұпай саны бойынша көш бастап тұрғандар — Ливерпуль (68), Арсенал (64), Челси (58) және Манчестер Сити (54).