Оқу уақыты: 1 мин

Руслан Курбанов Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Руслан Курбанов Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанды

 Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Колумбия астанасы Боготада өткен Гран-при турнирінде күміс медаль еншіледі.

Жартылай финалда ол өзбекстандық Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
 Алайда шешуші жекпе-жекте жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен жол берді.