08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

РПЛ жаздың үздік ойыншысы атағына үміткерлерді жариялады

РПЛ жаздың үздік ойыншысы атағына үміткерлерді жариялады

РПЛ сайтының мәліметінше, жаз айларының — шілде мен тамыздың қорытындысы бойынша Мир РПЛ-дің үздік ойыншысы атағына жеті футболшы үміткер.

Үміткерлер тізімі:

  • Алексей Батраков («Локомотив») — 7 ойын, 7 гол, 2 голдық пас
  • Мирлинд Даку («Рубин») — 7 ойын, 6 гол, 1 голдық пас
  • Вадим Раков («Крылья Советов») — 7 ойын, 5 гол, 2 голдық пас
  • Дмитрий Воробьев («Локомотив») — 6 ойын, 5 гол
  • Брайан Хиль («Балтика») — 7 ойын, 5 гол
  • Эдуард Сперцян («Краснодар») — 7 ойын, 4 гол, 8 голдық пас
  • Матвей Кисляк (ЦСКА) — 7 ойын, 2 гол, 3 голдық пас

Жеңімпаз бірлескен дауыс беру арқылы анықталады — оған жанкүйерлер, РПЛ және «Матч Премьер» телеарнасының сарапшылары қатысады.