26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду тарихтағы ең қымбат келісімшартқа қол қойды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Роналду тарихтағы ең қымбат келісімшартқа қол қойды

Криштиану Роналду мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады. Ол «Аль-Наср» клубымен жаңа екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл – әлемдік спорт тарихындағы ең қымбат келісімшарт ретінде тіркелді.

40 жастағы шабуылшының табысы жалпы есеппен 500 миллион фунттан асады.

The Sun мәліметінше, Роналду жылына 178 миллион фунт алады. Бірінші маусым үшін 24,5 миллион фунт бонусқа ие болады, ал егер келесі жылы да клубта қалса, бұл сома 38 миллион фунтқа дейін өседі. Сонымен қатар, ойыншы 33 миллион фунт тұратын «Аль-Наср» клубының 15% акциясына ие болады.

Келісімшартта жеке және командалық жетістіктер үшін де жүлделер қарастырылған:
4 миллион фунт – «Алтын бутса» үшін;
8 миллион фунт – клубпен бір трофей жеңіп алса.

Сондай-ақ, Роналду жергілікті компаниялармен жарнамалық келісімдер жасап, қосымша 60 миллион фунтқа дейін табыс табуы мүмкін.

Келісімшартта жеке қызметкерлер құрамын ұстау да бар. Роналдудың айналасында 16 адамнан тұратын топ жұмыс істейді: күзетшілер, аспаздар, жүргізушілер, үй қызметкерлері мен бағбандар.

Клуб басшылығының айтуынша, барлық бонус пен жарнама кірістерін есептегенде, Роналдудың екі жыл ішіндегі жалпы табысы 500 миллион фунттан асады.