15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергені ретінде «Алтын бутсы» иегері атанды

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергені ретінде «Алтын бутсы» иегері атанды

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 2024/25 жылғы үздік сұрмергені ретінде «Алтын бутсы» иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

40 жастағы португалдық бұл марапатты «Аль-Холудпен» (2:0) ойынының алдында алды.

Өткен маусымда Роналду «Әл-Наср» сапында чемпионатта 30 матч өткізіп, 25 гол соққан. Сұрмергендер сайысында Криштиану «Әл-Ахли» шабуылшысы Иван Тониді (23 гол), оның бұрынғы «Реал Мадрид» командасының әріптесі және қазіргі «Әл-Иттихад» ойыншысы Кәрім Бенземаны (21 гол) және «Аш-Шабаб» шабуылшысы Абдерразак Хамдаллахты (21 гол) жеңді. Биылғы маусымда Роналду төрт матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.