27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду мансабындағы 946-шы голын соқты

Роналду мансабындағы 946-шы голын соқты

Футболдан Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Ал-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өз мансабындағы 946-шы голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Атақты жұлдыз бұл голын «Аль-Иттихад» қақпасына енгізді. Қазір ол клубтық деңгейде 805 мәрте мергендік танытса, Португалия құрамасы сапында 141 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Футбол жұлдызы мансабында 1000 гол соғуды алдына меже етіп отыр.

Криштиану Роналду қазір Саукд Арабиясының «Аль-Наср» кәсіпқой футбол клубында 2023 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Оған дейін «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарының намысын қорғады. Шабуылшы 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдарда «Алтын доп» иегері атанды.