07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду клуб пен құрама үшін гол сериясын жалғастыруда

Роналду клуб пен құрама үшін гол сериясын жалғастыруда

Криштиану Роналду «Әл-Наср» және Португалия құрамасы үшін соңғы ойындарда тамаша нәтижелер көрсетті — деп хабарлайды FlashScore.

Португал шабуылшысы соңғы сегіз кездесудің жетеуінде гол соғып үлгерді — бүгін ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения құрамасына қарсы ойында дубль жасады.

40 жастағы шабуылшы алты ойында бір-бір голдан соқса, бір ойында гол пасын берді, ал бүгінгі матчта қарсыластар қақпасына екі рет гол соқты.