11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду «Барлық уақыттағы үздік футболшы» атағына ие болды

Роналду «Барлық уақыттағы үздік футболшы» атағына ие болды

Криштиану Роналду үздіктердің үздігі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалия құрамасы мен саудиялық «Аль-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барлық уақыттағы үздік футболшы» атағына ие болды.

40 жастағы шабуылшы беделді марапатты Португалия лигасының салтанатты рәсімінде алды.

«Спорттағы ажырамас тұлға және миллиондардың кумирі, ол тұтас бір дәуірді белгіледі және әлемдік футболда өшпес із қалдырады», — делінген лиганың сайтындағы ресми мәлімдемеде.

Роналду – «Алтын доптың» бес дүркін иегері, сонымен қатар футбол тарихындағы үздік бомбардир: оның кәсіби деңгейде соққан 943 голы бар.