26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду «Аль-Наср» клубымен жаңа келісімшартқа отырады

Роналду «Аль-Наср» клубымен жаңа келісімшартқа отырады

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен жаңа келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романо хабарлағандай, қазір тараптар келісімнің соңғы мәліметтерін талқылап, бір немесе екі маусымдық келісімшартқа қол қою туралы шешім қабылдауда. Егер Роналдудың өзі қаласа, клуб пен ойыншы екі жылдық келісімшартқа отырады.

Өткен маусымда Роналду клуб сапында барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 35 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді және Сауд Арабиясы чемпионатында «Аль-Насрмен» үшінші орынға ие болды.