27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду 2027 жылға дейін Әл-Насрмен келісімшартын ұзартты

Роналду 2027 жылға дейін Әл-Насрмен келісімшартын ұзартты

Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, Криштиану Роналду «Әл-Насрмен» 2027 жылға дейін жаңа келісімшартқа қол қойды.

«Жаңа тарау басталады. Сол құштарлық, сол арман. Тарихты бірге жасайық», — деп жазды Роналду әлеуметтік желілерде.

40 жастағы португалдық Сауд Арабиясында керемет нәтиже көрсетуде — өткен маусымда ол 41 ойында 35 гол соғып, лиганың үздік сұрмергені атанды. Шабуылшының «Әл-Наср» сапында барлығы 111 ойында 99 голы бар.

«Алтын доптың» бес дүркін иегері сауд клубына екі жарым жыл бұрын «Манчестер Юнайтедтен» шиеленісті кетуден кейін ауысқан. «Әл-Насрмен» титулдары болмаса да, Роналду мансабындағы 1000 гол межесіне жақындап келеді — қазір оның клубтар мен құрама сапында соққан 938 голы бар.