25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду ханзаданың көмегімен испандық атақты футбол клубын сатып алмақ

Роналду ханзаданың көмегімен испандық атақты футбол клубын сатып алмақ

TCR мәліметі бойынша Криштиану Роналду испандық футбол клубын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдыз шабуылшысы маңызды инвестор-серіктес тапты. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман мәміленің қаржылық жағын өз мойнына алмақ.

Португалдық супер-шабуылшының нысанасы «Валенсия» — Пиреней түбегінің ең атақты клубтарының бірі:

  • 6 чемпиондық атақ
  • 8 ұлттық кубок

Қазіргі уақытта «жарқанаттардың» жағдайы мәз емес. Команда 25 тур өткеннен кейін турнирлік кестеде 18-ші орында тұр. Жоғары дивизионнан құлау қаупі бар аймақта орналасқан.