25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Роналду ең бай футболшы атанды

Sportico мәліметтері бойынша «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду өткен жылдың ең жоғары ақы алатын спортшысы атанды. Оның табысы 260 миллион долларды құрады.

Ең бай спортшылардың үздік үштігіне сондай-ақ, баскетболшы Стефен Карри (153,8 млн доллар) және ауыр салмақтағы боксшы Тайсон Фьюри (147 млн доллар) кірді. Роналдудың мәңгілік бәсекелесі — «Интер Майами» ойыншысы Лионель Месси 135 млн доллар табыспен төртінші орынға жайғасты.

Үздік 12-дегі қалған орындар келесідей бөлінді:

  • ЛеБрон Джеймс (баскетбол) — 133,2 млн доллар
  • Неймар (футбол) — 133 млн доллар
  • Александр Усик (бокс) — 122 млн доллар
  • Карим Бензема (футбол) — 116 млн доллар
  • Килиан Мбаппе (футбол) — 110 млн доллар
  • Джон Рам (гольф) — 105,8 млн доллар
  • Скотти Шеффлер (гольф) — 104,3 млн доллар
  • Дак Прескотт (америкалық футбол) — 100,4 млн доллар