Оқу уақыты: 1 мин

Роналдо испаниялық «Вальядолидтегі» үлесін сатты

Роналдо испаниялық «Вальядолидтегі» үлесін сатты

«Реал Мадрид» пен Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо Испанияның «Вальядолид» футбол клубындағы бақылау пакетін сатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бразилиялық футболшы 2018 жылдан бастап клуб иесі болған.

«Футбол клубының басқарма төрағасы және негізгі акционері Роналдо Луис Назарио де Лима клубтың негізгі акцияларын солтүстікамерикалық инвестициялық топқа, Еуропалық қордың қаржылық қолдауымен, өткізу туралы келісімге қол қойылғанын хабарлайды. Бұл жаңа кезеңді айшықтайтын жоба туралы толық ақпарат жақын күндері жарияланады», — делінген клубтың ресми сайтындағы хабарламада.

«Вальядолид» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Команда 37 матчтан кейін 16 ұпай жинап, жоғары дивизионда қалу мүмкіндігінен айырылды.