28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналдо Чемпиондар лигасының жеңімпазын атады

Роналдо Чемпиондар лигасының жеңімпазын атады

Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы, аты аңызға айналған Роналдо «феномен» Чемпиондар лигасының финалына болжам жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

— Жанкүйер ретінде айтайын, «Интер» жеңіске жетеді. Бұл клубта мен мансабымның жарқын сәттерін өткіздім. «Нерадзурридің» Чемпиондар лигасында топ жарғанын қайта көргім келеді,– деді Роналдо Fcinter1908 басылымына берген сұхбатында.

Роналдо «Интер» намысын 1997-2002 жылдар аралығында қорғады. Ол клубпен бірге 1997/98 жылғы маусымда УЕФА Кубогын жеңіп алды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының кубогын миландық «Интер» мен париждік ПСЖ сарапқа салады. Финалдық ойын 31 мамыр сағат 00:00-де, Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өтеді.