29.01.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рома — Айнтрахт: Еуропа Лигасына болжам (31.01.2025)

31 қаңтарда, Астана уақытымен 1:00-де римдік «Стадио Олимпико» стадионында жергілікті «Рома» футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының 2024-2025 жылғы маусымының жалпы кезеңінің сегізінші турында франкфурттық «Айнтрахтты» қабылдайды.

Қос команданың турнирлік жағдайы әртүрлі. Римдіктер жеті матчта бар болғаны тоғыз ұпай жинап, 21-орында тұр, ал плей-офф аймағынан тыс қалу қаупі бар. Ал неміс клубы 16 ұпаймен екінші орынға жайғасқан, тіпті жеңіліске ұшыраса да, үздік сегіздікте қалып, тікелей 1/8 финалға шығу мүмкіндігі жоғары.

Турнирлік мотивацияны ескере отырып, букмекерлер «Рома» – «Айнтрахт» кездесуінде алаң иелерінің жеңісіне басымдық береді. «Сары-қызылдардың» жеңісіне коэффициент – 1.75, «құстардың» жеңісі – 5.30, ал тең нәтиже ықтималдығы 3.71 деп бағаланған. Кездесуде кем дегенде үш гол соғылады деген болжам бар. Жалпы 2.5 голдан көп болады деген коэффицент – 1.79.

Рома

Алдыңғы турда Клаудио Раньери шәкірттері сырт алаңда АЗ Алкмарға 0:1 есебімен ұтылып, жағдайын қиындатты. Дегенмен, ішкі чемпионатта «Удинезені» 2:1 есебімен жеңіп, көңіл-күйді жақсартты. Ойындағы голдардың екеуі де пенальтиден соғылды, бірақ алаңдағы басымдық көзге анық көрінді.

Еуропа лигасында «Романың» шабуылы аса нәтижелі емес. Жеті турда сегіз-ақ гол соққан, оның бесеуі қорғаушылардың еншісінде. Қорғаныс өз міндетін жақсы атқаруда – тек алты гол жіберіп алған.

Айнтрахт

Дино Топпмеллер шәкірттері биылғы Еуропа лигасында орта есеппен әр ойында екі голдан соғып келеді. Өткен турда да еш қиындықсыз «Ференцварошты» 2:0 есебімен жеңді. Алайда Бундеслигада соңғы орындарға жақын тұрған «Хоффенхайммен» тең ойнап (2:2), жанкүйерлерінің көңілін түсірді.

«Айнтрахт» үшін римдіктермен тең түсу де қанағаттанарлық нәтиже болмақ. Жеңіліс те аса үлкен трагедия болмайды. Бірақ франкфурттықтар бұл ойынға жеңілу үшін келмейтіні анық.

Статистика және жеке кездесулер

Командалар еурокубоктарда бұған дейін кездеспеген. Бірнеше дерекке назар аударсақ: «Рома» биылғы Еуропа лигасында өз алаңында үш матч өткізіп, жеңіліс көрмеген және әр ойында гол соққан, орташа тоталы – 2. Ал «Айнтрахт» сырт алаңда екі рет жеңіске жетіп, бір рет ұтылған, бірақ барлық матчта гол соққан, орташа тоталы – 4.

Болжам

«Рома» өз жанкүйерлерінің алдында тек жеңіс үшін ойнайды. «Айнтрахт» сырт алаңда орта есеппен 2.33 гол соғып жүр. Осыны ескере отырып, екі команда да гол соғады деген бәс тігуге болады (коэффициент – 1.71).

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!

Узнавайте итоги всех футбольных матчей первыми на нашей странице с Live-результатами