08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Roland Garros Junior Series: финалистер анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Roland Garros Junior Series: финалистер анықталды

Алматыдағы Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирінде жасөспірімдер арасындағы финалдық жұп белгілі болды.

Қазақстандық Мансур Саинов жартылай финалда өзбекстандық Алан Зинатулинді 6:4, 7:6 (9:7) есебімен ұтып, шешуші матчқа жолдама алды. Финалда ол тағы бір өзбекстандық ойыншы — Акмаль Абдуллаевпен кездеседі. Абдуллаев жартылай финалда қазақстандық Ансар Нияткалиевті 6:7 (3:7), 3:6 есебімен ұтты.

Екі финалист те Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series іріктеуінің соңғы кезеңіне қатысу құқығын жеңіп алды.

Beeline Janymda. Матчтарды тамашалап, эмоцияларыңызбен қалаған жерде бөлісіңіз!
Forte Bank. Адамдарға көмектесеміз. Кәсіпкерлерді қолдаймыз. Болашақ құрамыз.
A`SU — әр сағат сайын ішіңіз.
Lexus. Ғажайыпты сезініңіз.
Турнирдің бас демеушісі – Қазақстанның алтын өндіруші компаниясы «RG Gold».