08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ролан Гарростың іріктеу турнирі: Еркежан Жанатаева мен Адия Омарбек финалға жолдама алды

Ролан Гарростың іріктеу турнирі: Еркежан Жанатаева мен Адия Омарбек финалға жолдама алды

Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park корттарында Батыс және Орталық Азия бойынша Ролан Гаррос іріктеу турнирінің финалына шыққандар белгілі болды.

Қыздар арасында бірінші жартылай финалда Еркежан Жанатаева түрікменстандық Илима Гусейновамен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті — 6:1. Екінші сетте Гусейнова 3:0 есебімен алға шыққанымен, Жаңатаева таразы басын теңестіріп қана қоймай, матчты жеңіспен тәмамдай алды — 6:3.

Екінші жартылай финалда қазақстандықтар Алиса Королёва мен Адия Омарбек арасындағы матч аса тартысты өтті. Бірінші партия 7:6 (7:3) есебімен Алисаның пайдасына шешілді. Дегенмен бұдан кейін Әдия камбэк жасай білді — 6:3, 6:1.

Осылайша, финалда Еркежан Жанатаева мен Адия Омарбек шеберлік байқасады. Шешуші ойын нәтижесіне қарамастан, қос теннисші де Жапонияда өтетін Ролан Гарростың қорытынды іріктеу сайысына жолдама алды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
Forte Bank. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы