28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роджер Федерер Париждегі сән аптасына қатысты

Роджер Федерер Париждегі сән аптасына қатысты

«Үлкен дулыға» турнирлерінде 20 титул жеңіп алған швейцариялық аңызға айналған теннисші Роджер Федерер Париждегі сән аптасының қонағы болды, деп хабарлайды AthleteVanity.

Атақты спортшы жұбайымен бірге сән әлеміндегі маңызды оқиғалардың бірі — Dior сән үйінің көктем-жаз коллекциясының тұсаукесеріне қатысты.

Көрсетілім барысында Федерер танымал британдық актер, Джеймс Бонд фильмдер сериясының басты рөлін сомдаған Дэниэл Крэйгпен кездесті.