Оқу уақыты: 1 мин

Родриго жаттығуды ерте тастап кетті

Родриго жаттығуды ерте тастап кетті

Marca дерегінше, «Реал Мадридтің» бразилиялық шабуылшысы Родриго Гоэс жаттығу басталғаннан кейін небәрі 15 минуттан соң алаңды тастап кетті. Ол бас бапкер Карло Анчелоттимен қысқа сөйлесіп, клуб дәрігері Даниэль Росадомен бірге киім ауыстыратын бөлмеге кеткен.

Футболшының алдағы «Мальоркаға» қарсы ойынды жіберіп алатыны айтылуда. Бұған дейін «Барселонаға» қарсы матч алдында Родриго өзін құрамға қоспауын сұраған — себебі физикалық дайындығы ойдағыдай болмаған.

Бұқаралық ақпарат құралдары ойыншының келесі маусымда «Реалдан» кетуі ықтимал екенін алға тартуда.