28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Роберто Карлос – арнайы қонақ ретінде Meta Sport Forum аясында Алматыға келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2-3 сәуірде Алматыда спорттық маркетинг пен бизнеске арналған халықаралық конференция Meta Sport Forum өтеді. Іс-шарада Қазақстандық спорт қоғамдастығының өкілдері мен Еуропа және Америкадан келген сарапшылар тәжірибе алмасып, нақты жағдайларды талқылайды.

Форумның арнайы қонағы – әлемге әйгілі футболшы Роберто Карлос. Ол:
Әлем чемпионы,
Копа Америка кубогының екі дүркін иегері,
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері,
Чемпиондар Лигасының үш дүркін жеңімпазы,
Испания чемпионы атанған «Галактикос» дәуіріндегі «Реал Мадридтің» аңызға айналған құрамының мүшесі.

2013 жылы Роберто Карлос World Soccer журналының нұсқасы бойынша футбол тарихындағы 100 үздік ойыншы қатарына енген. Ал 2024 жылдан бастап Қазақстандағы 1xBet компаниясының елшісі болды.

«Meta Sport Forum» аясында әйгілі футболшы «Роберто Карлос» жеке брендті дамыту және спорт елшілерінің рөлі туралы пікірталасқа қатысады. Ол спортшылардың мансабын аяқтағаннан кейін де танымал болып қалу құпияларымен бөліседі.

Сонымен қатар, 3 сәуірде өтетін Metaratings Top Awards – спорт және бизнес саласындағы алғашқы ұлттық премияда Роберто Карлос өзінің Бразилия құрамасындағы көпжылдық серіктесі – Кафумен бір сахнада қайта бас қосады. Бұл салтанатты рәсімде үздік спортшылар, жаттықтырушылар, менеджерлер, спорттық ұйымдар, журналистер, блогерлер және спорт бизнесінің өкілдері марапатталады.

Күні: 2-3 сәуір 2025 жыл
Өтетін орны: Алматы, Lux Hall, Достық даңғылы, 341/1
Толық ақпарат және билеттер – форумның ресми сайтында.