Оқу уақыты: 1 мин

Римнің қазіргі чемпионы Рыбакина әлемнің 121-ші ракеткасына күтпеген жерден жеңілді

Римнің қазіргі чемпионы Рыбакина әлемнің 121-ші ракеткасына күтпеген жерден жеңілді

Әлемнің 12-ші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі турнирдің үшінші айналымында канадалық теннисші Бьянка Андрескуден күтпеген жеңіліске ұшырады — деп хабарлайды WTA Tour.

Турнирдің өткен жылғы жеңімпазы қазақстандық спортшы матчтың айқын фавориті бола тұра, әлемнің 121-ші ракеткасына 2:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Рим турниріндегі алғашқы матчында Рыбакина неміс теннисшісі Ева Лиске 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Үшінші айналымға шыққаны үшін қазақстандық спортшы 38 313 еуро жүлде ақшасы мен 65 рейтингтік ұпай жинады.