27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

РФС: Ресей мен Қазақстан құрамалары жолдастық матч өткізуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
РФС: Ресей мен Қазақстан құрамалары жолдастық матч өткізуі мүмкін

27 маусым күні Ресей футбол одағының президенті Александр Дюков ресейлік Sport24.ru басылымына берген сұхбатында Ресей құрамасының алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, ұлттық құрама Қазақстанмен жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр.

Журналист Ресейдің тек Беларусьпен ғана матч өткізіп, аймақтың басқа достас елдері — Қазақстан, Армения және Әзербайжанмен неге кездеспегенін сұраған. Бұл сұраққа Дюков қысқа жауап қайырды:
«Біз әлі бұл құрамалармен де ойнаймыз», — деді ол.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпан айынан бастап ФИФА мен УЕФА Ресей құрамасы мен клубтарын халықаралық турнирлерге қатысудан шеттеткен болатын.