АСА лигасы 8 ақпанда өтетін Краснодар турнирінің толық қардын жариялады,деп хабарлайды Sport+.
Лига бірден бірнеше жекпе-жектің өтпейтіні туралы айтты:
«Гуков отбасылық себептермен кетіп қалды, Абдураков бронхитпен ауырды, Джихад Юнусов денсаулық жағдайына байланысты күресе алмайды, Алексей Полпудников аяғын сындырды», — деп жазады лига хабарламасында.
2024 жылдың соңында өткен турнирдің басты кардында Артем Резников пен Юсуф Раисовтың реваншы жоспарланған еді, бірақ Артем ауырып қалды.
Турнирдің басты жекпе-жегі ретінде Альберт Туменов пен Абубакар Вагаеварасындағы жартылай орта салмақтағы гран-при финалы болмақ, сондай-ақ орта салмақта Магомедрасул Хасанов пен Шамиль Абдулаев арасында чемпиондық атақ сарапқа салынады.
Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!