24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Рейнджерс» бұрынғы капитаны маусым соңына дейін команданы басқаруы мүмкін

Talksport мәліметінше, дүйсенбі күні «Рейнджерс» басшылығы Барри Фергюсонмен кездеседі. Команданың бұрынғы капитаны маусым соңына дейін клубты басқаруы мүмкін.

Шотландия грандының бапкері қызметіне сондай-ақ, команданың бұрынғы қорғаушысы Расселл Мартин; «Рейнджерстің» экс-бапкері Стивен Джеррард (жақында Әл-Эттифактан кеткен) «Норвич Сити» бірінші командасының жаттықтырушысы Джек Уилшир үміткер болып отыр.

Әлеуетті үміткерлер тізімінде басқа да мамандар бар:

  • Алекс Рэй
  • Нил Маккан
  • Кевин Томсон
  • «Рейнджерстің» қазіргі көмекшісі Иссам Шараи

Еске сала кетейік, өткен демалыста «Рейнджерс» өз алаңында «Сент-Мирреннен» 0:2 есебімен жеңілді. Қонақтар шабуылшысы Микаэль Мандрон атап өтті: «Біз Айброкста жеңіске жете алатынымызға сенімді болдық».