18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Жозе Моуриньо «Бенфика» бас бапкері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Жозе Моуриньо «Бенфика» бас бапкері

Португалиялық маман Жозе Моуриньо 25 жылдан кейін «Бенфикаға» қайта оралды. Клуб бүгін Моуриньоның команда тізгінін ұстағанын ресми растады.

Бұл өзгеріс Лиссабонда болған күтпеген нәтижеден соң жасалды: Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда «Бенфика» өз алаңында «Қарабаққа» 2:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, 29 тамызда Моуриньо Чемпиондар лигасының плей-оффында «Бенфикадан» ұтылғаннан кейін «Фенербахчемен» келісімін өзара келісім бойынша тоқтатқан еді. Португалиялық БАҚ-қа сәйкес, «Бенфика» алдағы уақытта Моуриньомен ұзақ мерзімді жоба құруды көздеп отыр. Бұған дейін клуб басшылығы өткен матчтан кейін бас бапкер қызметіндегі өзгерістер болатынын ишаралаған.