15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Жорже Жезуш «Әл-Наср» клубының бас бапкері болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Жорже Жезуш «Әл-Наср» клубының бас бапкері болды

Португалиялық тәжірибелі маман Жорже Жезуш енді «Әл-Наср» командасын жаттықтырады. Қос тарап бір маусымға жарамды келісімшартқа қол қойды.

70 жастағы бапкер 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының тағы бір алпауыты – «Әл-Хиләл» клубының тізгінін ұстаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін «Әл-Насрдың» бас бапкері қызметін атқарған Стефано Пиоли жақында «Фиорентина» клубына оралған еді.