29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Жоау Феликс «Аль-Наср» ойыншысы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Жоау Феликс «Аль-Наср» ойыншысы атанды

Португалиялық шабуылшы Жоау Феликс ресми түрде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысты. Трансфер құны бонустарды қоса есептегенде 50 миллион еуроны құрайды. Жаңа келісімшарт 2027 жылға дейін есептелген.

25 жастағы футболшы өткен маусымды алдымен «Челси» сапында, кейін «Милан» құрамында өткізген болатын. Жазда лондондық клубқа қайта оралған Феликс көп ұзамай «Аль-Насрмен» келісімге келді.

«Бенфика» академиясының түлегі мансабында «Атлетико Мадрид», «Челси», «Барселона» және «Милан» сынды еуропалық топ клубтардың жейдесін киген. Енді ол Сауд Арабиясында Криштиану Роналдумен бір командада өнер көрсетпек. Бұл ауысым Португалия құрамасының қос шабуылшысының бір клубта тоғысуына себеп болды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!