17.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Вирджил ван Дейк «Ливерпульде» қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
d84517e4464dd90bc6eeda98b9a46df965db8e7a8a645419997440

«Ливерпуль» клубы ресми түрде команда капитаны Вирджил ван Дейкпен жаңа келісімшартқа қол қойғанын жариялады. Қорғаушы енді 2027 жылға дейін мерсисайдтық ұжым сапында өнер көрсететін болады.

33 жастағы нидерланд қорғаушысы «Ливерпульге» 2018 жылы келіп, клубтың қорғанысындағы тірегіне айналған. Осы жылдар ішінде ол Чемпиондар лигасын, Премьер-лиганы, Англия кубогын және басқа да трофейлерді жеңіп алды.

Бұл жаңалық жақында ғана Мұхамед Салахпен 2027 жылға дейінгі келісімді ұзартқан «қызылдардың» құрамды тұрақтандыру стратегиясының бір бөлігі ретінде бағалануда.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!