Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Трент Александр-Арнольд «Реал Мадрид» сапына ауысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Трент Александр-Арнольд «Реал Мадрид» сапына ауысады

Фабрицио Романоның мәліметінше, Александр-Арнольд пен «Реал Мадрид» арасындағы келісім толық аяқталды — ойыншы 5 жылдық келісімшартқа қол қояды. Бұл трансфер жазғы ауысым кезеңінің басты оқиғаларының біріне айналуы мүмкін.

Александр-Арнольдтің «Ливерпульмен» қоштасу мәлімдемесі:

«20 жыл бойы «Ливерпуль» клубында болған соң, осы маусымның соңында кететінімді жариялайтын сәт келді. Бұл — менің мансабымдағы және өмірімдегі ең қиын шешім. Көпшілігіңіз таңғалып немесе ренжіп қалуыңыз мүмкін. Бұған дейін неге айтпағанымды сұрайтындар да табылады. Бірақ менің бар назарым Премьер-лигадағы чемпиондық үшін күреске бағытталған еді. Бұл клуб — менің өмірім. Академиядан бастап бүгінге дейінгі әрбір күн. Жанкүйерлердің қолдауы, команданың сенімі — бәрі мәңгі жүрегімде қалады. Мен сіздерге шексіз алғыс айтамын. Алайда жаңа сынақ керек. Ыңғайлы аймақтан шығатын кез келді. Өсу үшін, өзгеру үшін, адам және футболшы ретінде дамуды жалғастыру үшін…»

Тренттің кетуі — «Ливерпуль» тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болмақ. Ал «Реал Мадрид» өз сапын әлемдік деңгейдегі тағы бір ойыншымен толықтырды.