Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Трент Александер-Арнольд «Ливерпульден» кетіп, «Реал Мадридке» ауысады

Ресми: Трент Александер-Арнольд «Ливерпульден» кетіп, «Реал Мадридке» ауысады

Англия құрамасының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд маусым соңында «Ливерпульден» кететінін ресми мәлімдеді. Ол мadridтік «Реалдың» қатарына қосылады.

26 жастағы футболшы – клубтың академия тәрбиеленушісі, «қызылдар» жүйесінде 20 жыл бойы ойнаған. Ол жазда аяқталатын келісімшартын ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұл — жаңа келісімшарт жасасқан Мохамед Салах пен Вирджил ван Дейктен өзгеше қадам.

«Ливерпульде 20 жыл өткізгеннен кейін, маусым соңында кететінімді жариялайтын уақыт келді. Бұл — өмірімдегі ең қиын шешім», — деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Трент 352 матч өткізіп, 23 гол соққан, ал жетістіктер тізімінде:

  • Чемпиондар лигасы,
  • Премьер-лига (2 рет),
  • Англия Кубогы,
  • Лига Кубогы (2 рет).

«Бұл клуб — 20 жыл бойы менің бүкіл өмірім болды. Бірақ мен басқа ештеңе білген емеспін. Енді жаңа сынаққа қадам басқым келеді. Бұл — жайлылық аймағынан шығу уақыты», — деп қорытындылады қорғаушы.