Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: «Тобыл» — «Ордабасы» матчы кейінге шегерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: «Тобыл» — «Ордабасы» матчы кейінге шегерілді

ҚПЛ-дің 9-туры аясында жоспарланған «Тобыл» — «Ордабасы» кездесуі кейінге шегерілді. Бұл туралы шымкенттік клубтың ресми парақшасы хабарлады.

17 мамыр күні «Ордабасы» командасы қолайсыз ауа райына байланысты Қостанай қаласына ұша алмаған. Сол себепті матч кейінгі күнге ауыстырылды.

Ойынның жаңа күні мен уақыты Қазақстан футбол лигасының шешімімен қосымша хабарланатын болады.