23.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Самат Смақов төрт ойынға шеттетілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Самат Смақов төрт ойынға шеттетілді

Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов ҚПЛ-дің бесінші турындағы «Ордабасыға» қарсы матчта төрешіге әдепсіз сөздер айтқаны үшін төрт ойынға дисквалификация алды.

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті осындай шешім қабылдады.

Айта кетейік, матчтан кейін Смақов төрешілер жұмысына қатаң сын айтып, ел футболындағы әділетсіздік пен жүйелік мәселелерге тоқталған болатын. Сондай-ақ бапкер Қазақстан футболының Өзбекстаннан 15 жылға артта қалғанын мәлімдеген еді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!